Текст
29.04.2026
Мектебімізде «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өткізілді!
Аталған байқау оқушылар мен ұстаздардың шығармашылық байланысын нығайтып, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар отансүйгіштікке үндейтін әндерді орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. ✨
Сахна төрінде өнер көрсеткен жұптар өз таланттарын, сахна мәдениетін және шығармашылық шеберліктерін жоғары деңгейде таныта білді.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, бірлік пен достықты дәріптей түседі. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!
Ұйымдастырушылар: Накупова Н.К
Файзуллина А.