28.04.2026
Ата-аналарға жадынама!
Құрметті ата-аналар!
2026 жылғы 04 мамыр – 29 мамыр аралығында 2026–2027 оқу жылына арналған әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданатынын хабарлаймыз.
Аталған көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес көрсетіледі. Бұл қаулы негізінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылардың балаларына білім алу кезеңінде материалдық қолдау (мектеп формасы, оқу құралдары және т.б.) беріледі.
Көмек келесі санаттағы оқушыларға тағайындалады:
-Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары;
-Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
-Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-Төтенше жағдайлар салдарынан қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың балалары;
-Басқа да әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы оқушылар.
❗ Назар аударыңыз: Егер сіз осы санаттардың біріне жататын болсаңыз, әлеуметтік көмекті алу үшін әлеуметтік қорғау орталығынан немесе жергілікті әкімдіктен отбасының шын мұқтаж екенін растайтын құжат әкелу міндетті.
❗ Маңызды: Бұл әлеуметтік көмек жылына тек 1 рет көрсетіледі, және құжаттар да тек 1 рет қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
-Өтініш (мектептен толтырылады);
-Ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі;
-Баланың туу туралы куәлігі;
-Отбасының табысы туралы анықтама;
-АӘК алатыны туралы анықтама (бар болса);
-Отбасы құрамы туралы анықтама;
-Әлеуметтік қорғау органы немесе әкімдік берген мұқтаждықты растайтын құжат;
Қажет болған жағдайда қосымша растайтын құжаттар.
Құжаттар көрсетілген мерзімде мектеп әкімшілігіне тапсырылады.
Уақытында тапсыруларыңызды сұраймыз!
📞 Қосымша сұрақтар бойынша:
Әлеуметтік педагог Шаяхметова Жанар Сайлаубековна
Тел.: 8 7022437749